русский язык
Бокс

Қазақстан құрамасының капитаны Олимпиадаға лицензиялар үшін турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстан құрамасының капитаны Олимпиадаға лицензиялар үшін турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Италияның Бусто Арсизио қаласында өтіп жатқан лицензиялық олимпиадалық турнирде екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалда 71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық поляк Дамиан Дуркачпен кездесіп, шешіммен жеңіске жетті. Осылайша, Шымбергенов 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін күресін жалғастыруда.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны фин Сэм Мороватиді турнирден шығарып жіберген болатын.

Айта кетейік, бұл салмақта 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін төрт лицензия ойнатылып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;