русский язык
Бокс

Қазақстан бокс федерациясы Римма Волосенконың кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бокс федерациясы Римма Волосенконың кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік лицензиялық турнир өтіп жатыр. Бүгін жеңіліс тапқан Римма Волосенконың жекпе-жегіне байланысты Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келі салмақтағы Римма Волосенко словакиялық Мирослава Жединаковаға есе жіберді.

Римма Волосенконың ширек финалдық кездесуінен кейін жекпе-жек қорытындысына байланысты қазақстандық жанкүйерлер арасында қынжылыстардың тууына байланысты Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов пікір білдірді.

"Олимпиада ойындарына лицензиялық бәсекелер Халықаралық Олимпиада комитетінің аясында өтеді. Өкінішке қарай, ХОК ережесіне сәйкес, ұлттық федерациялар жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешіміне шағым бере алмайды. Тек төрешілердің жұмысына баға беретін бақылаушы мен бағалаушы болады. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан осы жекпе-жекке байланысты турнир ұйымдастырушыларына наразылығымызды жеткіздік. Олар кездесуге қазылық еткен төрешілердің жұмысын қарастырып, кінәрат болған жағдайда алдағы жекпе-жектерден шеттететіндіктерін айтты. Бірақ, өкінішке қарай, жекпе-жектің қорытынды есебі өзгертілмейді", - деді Азиз Қожамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 60 келі салмақ дәрежесінде өткен Римма Волосенко мен словакиялық Мирослава Жединакова арасындағы ширек финалдық жекпе-жек 2:3 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;