Олимпиадаға іріктеу: «Қазақ Ломаченкосы» мен тағы үш қазақстандықтың жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
![Олимпиадаға іріктеу: «Қазақ Ломаченкосы» мен тағы үш қазақстандықтың жекпе-жегінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/203991_85063a311c4c36e578bcf477d2f26acd.jpeg?v=28686680)
8 наурыз, жұма күні Бусто Арсизиодағы (Италия) лицензиялық Олимпиада турнирінде Қазақстанның төрт боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Наталья Богданова Астана уақытымен 16:30-да рингке бірінші болып шығады - 66 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда аргентиналық Лорена Соледад Балбуенамен жұдырықтасады.
Сағат 17:30-да Нұрбек Оралбай жекпе-жегін өткізеді. 1/16 финалда 80 келіге дейінгі салмақта оған Того боксшысы Прева Падабади қарсыласады.
19:30-да Алуа Балқыбекова 50 келі салмақта 1/16 финал кезеңінде чех спортшысы Клаудия Тотовамен кездеседі.
Сағат 20:30-да Махмұд Сабырханның жекпе-жегі басталады - 57 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда тай Саравут Суктетпен жұдырықтасады.