русский язык
Әлем футболы

Зайнутдиновтың «Бешикташы» он футболшымен қоштасады

Зайнутдиновтың «Бешикташы» он футболшымен қоштасады

Ыстамбұлдың «Бешикташы» жазғы трансферлік терезеде он ойыншымен қоштасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Осы маусымда «Бешикташтың» жағдайы жақсы болды деп айта алмаймыз.

Лигадағы титулдық жарыстан ерте шығып, Конференция лигасында да сәтсіз өнер көрсеткен клубтың жалғыз мақсаты – Түркия кубогын жеңіп алу арқылы жаңа маусымды үмітпен бастау.

Осы тұрғыда футбол координаторы Самет Айбаба мен жаттықтырушы Фернандо Сантос жоспар құруда. Айбаба келесі маусымда шетелдіктер саны 12-ге дейін қысқаратындықтан, құрамды күшейтудің жолын іздеп жатыр.

Келесі жылы 18 ойыншымен келісім-шарт жалғасады. 4 трансфер қарастырылып жатыр, 10 футболшымен қоштасу жоспарлануда», - деп хабарлады түрік клубының БАҚ өкілдері.

Еске сала кетейік, қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;