русский язык
Бокс

Лицензиялық турнир: Екінші боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

Лицензиялық турнир: Екінші боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін екінші боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, әйелдер арасында 60 келіде ел намысын қорғап жатқан боксшымыз Римма Волосенко төртінші жекпе-жегінде, яғни ширек финалда Словакия спортшысы Мирослава Жединаковаға төрешілер шешімімен есе жіберді.

Жерлесіміз осылайша Париж олимпиадасының жолдамасына сынық сүйем жер қалғанда сүрінді. Ол осыған дейін бірінші жекпе-жегінде Тринидад Тобаго елінің өкілі Тианна Гуимен кездесіп, төрешілер шешімімен басым түссе, екінші айқасында венгриялық Петра Сабодан айласын асырған еді. Ал үшінші жекпе-жегінде Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейродан басым түскен болатын.

Сонымен қатар бүгін шаршы алаңға алғаш рет шыққан Жайна Шекербекова 1/16 финалда Нигерия өкілі Шукура Каримге есе жіберіп, жарысты аяқтаған болатын.

Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурыз күні мәресіне жетеді.

Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;