русский язык

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жеребе тарту рәсімі өтті

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жеребе тарту рәсімі өтті

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жеребе тарту рәсімі өтті. Алдын ала іріктеу ойындарының топтық кезеңі анықталды.

Жалпы турнирде 32 клуб қатысады. Алдын-ала іріктеу кезеңінде Бірінші және Екінші лиганың 19 клубы 6 топқа бөлініп, өзара 1 ойыннан өткізеді. Топтың 6 жеңімпазы көрші топта 1-орын алған командамен ( А-В, С-D, Е-F) 1 ойын арқылы жолдама иегерлерін анықтайды.

- 1-19 наурыз. Бірінші кезеңнің топтық раунды
- 21-23 наурыз. Бірінші кезеңнің плей-офф ойындары

Барлық ойындар Шымкент қаласындағы БИІК стадионында өткізіледі.

Екінші кезеңде Премьер-лиганың 13 клубы және бірінші кезеңнің жеңімпаздары рейтингке байланысты қарсыластарын анықтайды. 1/8 және 1/4 финалдық кездесулерінің жеңімпаздары 1 ойында белгілі болады. Ал 1/2 финал үйде/қонақта өткізіледі.

Olimpbet QFL Қазақстан кубогы-2024 турнирінің толық күнтізбесі:

- 13-14 сәуір. 1/8 финал

- 8 мамыр. 1/4 финал

- 29 мамыр-19 маусым. 1/2 финал

- 29 қыркүйек. Финал

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;