русский язык
Бокс

Лицензиялық турнир: Айбек Оралбай алғашқы кездесуінде Азия чемпионын жеңді

Лицензиялық турнир: Айбек Оралбай алғашқы кездесуінде Азия чемпионын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін 92 келі салмақта ел намысын қорғайтын боксшымыз Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын сенімді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл — Айбек Оралбайдың лицензиялық турнирдегі алғашқы айқасы. Ол бүгін Азия чемпионы, 2 мәрте әлем чемпионатының ширек финалисі үндістандық Санжит Санжитті айқын басымдылықпен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.

Сондай-ақ, бүгін әйелдер арасында 60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Римма Волосенко аталған турнирде үшінші жеңісіне қол жеткізіп, ширек финалға шыққанын еді.

Аталған турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ерлерден алты, әйелдерден бес боксшы қатысуда. 3-12 наурыз аралығында өтетін лицензиялық турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;