русский язык

«Каспий» «Қайраттың» екі түлегін қатарына қосты

«Каспий» «Қайраттың» екі түлегін қатарына қосты

«Қайрат» академиясының екі түлегі Ақтау «Каспий» командасына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтаулық клубқа 17 жастағы жартылай қорғаушы Сұлтан Тәжікенов пен 20 жастағы шабуылшы Нұргелді Төлеуханов ауысты.

Тәжікенов 2022 жылы Екінші лигада «Академия 05» сапында доп тепкен, ал өткен маусымда «Қайрат» сапында QJ лигасында өнер көрсетті.

Төлеуханов «Қайрат-Жастар» сапында 2021-2023 жылдар аралығында ойнаған. 2022 жылы ол алматылық клубтың негізгі құрамында Қазақстан кубогы матчында шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;