«Қызылжар» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
![«Қызылжар» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/472_edb9891b1432558c1a6a9e261cb778f4.jpg?v=28686502)
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 2-туры аясында «Қайсар» мен «Қызылжар» командалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қызылорда қаласында өткен матчта қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан чемпионаты. 2-тур
«Қайсар» (Қызылорда) - «Қызылжар» (Петропавл) 0:3 (0:1)
Голдар: Березкин 16 (0:1), 80 (0:3), Цмилянич 61 (0:2)
Төреші: Тевяшов Денис (Орал)
5 наурыз. Қызылорда. Ғ.Мұратбаев атындағы стадион