русский язык
Әлем футболы

«ПСЖ» Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы сырт алаңда Испанияның «Реал Сосьедад» командасымен кездесті.

Ойын барысында олардың қатарынан Килиан Мбаппе 13, 56-минуттарда гол соқса, оған испаниялық клубтанМикель Мерино 89-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

Осылайша «Пари Сен-Жермен» қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;