русский язык
Хоккей

Хоккейден Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалда кімдер ойнайды

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысы жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды.

Қарағандылық «Сарыарқа» соңғы төртінші жолдамаға қол жеткізді. Олар Өзбекстанның «Хумо» клубын ойындар сериясында 4:2 есебімен қапы қалдырды.

Олардың қарсыласы - Көкшетаудың «Арланы». Көкшетаулық команда ширек финалда ойындар сериясында 4:1 есебімен Атыраудың «Бейбарысын» жеңіп кетті.

Жартылай финалдағы тағы бір жұпта Астананың «Номады» мен «Ақтөбе» кездеседі. Ойындар сериясында «Номад» Рудныйдың «Горнягын», «Ақтөбе» Өскеменнің «Торпедосын» 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Жартылай финал ойындары 14 және 15 наурыз күндеріне белгіленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;