EURO-2024: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
![EURO-2024: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/203991_50ab81f71bf88f7cb911f589cb1fe1ae.jpg?v=28686436)
Футболдан әйелдер арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды.
Ел құрамасы С лигасының төртінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Румыния, Болгария және Армения құрамалары.
Ойындар күнтізбесінде 1-2 тур 2024 жылдың 3-9 сәуір күндерінде өткізілсе, 3-4 тур 29 мамыр-4 маусым күндеріне белгіленген.
Ал 5-6 тур ойындары 10-16 шілде аралығында болады.
Құрлықтық дода 2025 жылдың жаз мезгілінде өткізіледі. Онда барлығы 16 құрама сынға түседі.
Еуропа чемпионаты 1984 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін Германия - 8 Норвегия - 2, Швеция, Англия, Нидерланд - 1 мәртеден чемпион атанды.