Исмағұлов — Вартанян жекпе-жегін қайдан көруге болады?
![Исмағұлов — Вартанян жекпе-жегін қайдан көруге болады?](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/203991_8797a3858f0500247171a3fd36e09cc3.jpg?v=28686557)
6 наурызда Санкт-Петербургте Дамир QAZAQ Исмағұлов К-1 ережесі бойынша Эдуард Вартанянмен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Наше дело 82» турнирінің тікелей трансляциясын SPORT+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ SPORTPLUS_QAZ YouTube арнасынан көруге болады.
Еске салайық, алғашында турнир 2 наурызда Мәскеуде өтуі керек еді, кейін ол 6 наурызға және Ресейдің мәдени астанасына ауыстырылды.
Еске салайық, Исмағұлов UFC-дегі соңғы екі жекпе-жегін Арман Царукян мен Грант Доусоннан ұтылып, содан кейін америкалық промоушеннен кетті.