русский язык
ММА

«Келесі жекпе-жегін асыға күтемін». Бекзат Алмахан UFC-дегі дебютінде танымал инсайдерді тәнті етті

«Келесі жекпе-жегін асыға күтемін». Бекзат Алмахан UFC-дегі дебютінде танымал инсайдерді тәнті етті

MMA инсайдері, Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com сайтының редакторы Марсель Дорф Prosports.kz сайтына қазақстандық Бекзат Алмаханның UFC-дегі дебюті туралы пікір білдіріп, промоушендегі болашағы туралы ойын айтты.

«Менің ойымша, ол келесі жолы Топ-15-тен тыс біреумен жұдырықтасады. Білесіз бе, бұл жақсы болар еді. UFC-дегі алғашқы жеңісіңе жетіп, содан кейін қиынырақ сынақтарға өту. Бекзат өте жақсы бастады, Умарды құлата алды, бірақ ресейлік файтер кейін бәрін өз қолына алды. Мен қазақстандықтың келесі жекпе-жегін асыға күтемін», - деді сарапшы.

Қазақстан уақытымен 3 ақпанға қараған түні OCTAGON лигасының бұрыңғы чемпионы Бекзат Алмахан (17-2) АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында UFC Fight Night турнирінде Умар Нурмагомедовпен (17-0) кездесіп, қарсыласынан төрешілердің бірацыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;