«Аль Наср» сырт алаңда «Аль-Айннан» жеңіліп қалды
![«Аль Наср» сырт алаңда «Аль-Айннан» жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201736_c98026f81b12235be3bb2c5fd1619c48.webp?v=28686560)
Дүйсенбі, 4 наурыз күні АФК Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы ойыны «Аль-Айн» мен «Аль Наср» командалары арасында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Аль-Айн қаласындағы (БАӘ) «Тахнун Бин Мохаммед» стадионында өтті. Бұл кездесу де 1:0 есебімен «Аль-Айн» жеңіске жетті.
Жеңімпаздар сапында жалғыз голды Суфиан Рахими соқты. Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду 90 минуттың барлығын алаңда өткізді.
«Аль Наср» мен «Аль-Айн» арасындағы қарымта ойын дүйсенбі, 11 наурызда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді.