русский язык
Басқа

Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы тағы екі алтын жеңіп алды

Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы тағы екі алтын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нақтырақ айтатын болсақ, оның бірін көркем жүзу жарысынан 15-19 жас аралығындағы еркін бағдарлама сайысында Карина Магрупова жеңіп алса, екіншісін осы сайыс түрінен 13-15 жас аралығындағы қыздар арасынан еркін бағдарламада Даяна Джаманчалова қанжығасына байлады.

Жарыс қорытындысы:

Көркем жүзу. Қыздар. Жекелей сайыс, еркін бағдарлама, 15-19 жас
1-орын - Қазақстан - Карина Магрупова - 404.0525 ұпай
2-орын – Таиланд - Патрави Чаяварарак - 330.9342
3-орын – Өзбекстан - Зиёдахон Тошхуджаева - 328.1150
Көркем жүзу. Қыздар. Жекелей сайыс, еркін бағдарлама, 13-15 жас

1-орын - Қазақстан - Даяна Джаманчалова - 233.5386 ұпай
2-орын – Қытай - Я Дай - 233.1047
3-орын – Өзбекстан - Сабина Махмудова - 200.5405

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;