Умар Нурмагомедов ең үздік UFC файтерін атады
![Умар Нурмагомедов ең үздік UFC файтерін атады](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201736_9bdb2e3329dbf5f68d839ac6288d3b66.webp?v=28686699)
Ресейлік UFC файтері Умар Нурмагомедов досы ресейлік Ислам Махачевті ең үздік UFC файтері деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Исламмен бір кардтта жекпе-жек өткізгім келеді. Бірге жаттығу жиынын өткізе алатын едік. Ислам UFC-дегі үздік файтерлердің бірі. Және, ол маған көп нәрсені үйрете алар еді», - деп келтіреді Нурмагомедовтің сөзін MMA Junkie.
Ислам Махачев ММА бойынша 26 жекпе-жек өткізіп, 25 жеңіске жеткен. Оның келесі жекпе-жегі әлі белгіленген жоқ.