русский язык
Бокс

Жартылай жеңіл салмақтағы жаңа әлем чемпионы белгілі болды

Жартылай жеңіл салмақтағы жаңа әлем чемпионы белгілі болды

Веронада (АҚШ) Top Rank промоутерлік компаниясының кәсіпқой бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің негізгі жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы (57,2 келіге дейін) вакантты WBA титулын америкалық Рэймонд Форд (14-0-1, 7 КО) пен өзбекстандық Отабек Холматов (12-0, 11 КО) сарапқа салды.

Бұл кездесуде Форд 12-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Рэймонд Форд 24 жаста. Америкалық, 2018 жылғы АҚШ-тағы «Алтын қолғап» турнирінде топ жарған, кәсіпқой рингте 2019 жылы дебют жасап, екінші жеңіл салмақтағы (55,3 келіге дейін) бұрынғы әлем чемпионы, жерлесі Джесси Магдаленоны жеңген.

Айта кетейік, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) америкалық Джермелл Чарлоны титулынан айырған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;