русский язык
ММА

«Умар тәуекелге бармады». Қазақстандық файтер әріптесінің UFC-дегі дебютін жоғары бағалады

«Умар тәуекелге бармады». Қазақстандық файтер әріптесінің UFC-дегі дебютін жоғары бағалады

Қазақстандық ММА файтері Дамир Төленов Prosports.kz сайтына әріптесі Бекзат Алмаханның UFC-дегі дебюті туралы пікірін білдірді.

«Иә, әрине, жекпе-жектің сәтсіз нәтижемен аяталғаны өкінішті. Умар шымыр, физикалық тұрғыдан мықты қарсылас, бірақ Бекзаттың тік аяқта қалай жұмыс істейтінін өзіңіз көрдіңіз. Ал Умар тәуекелге бармай, тейкдаун жасауға ұмтылды. Мен үшін Бекзат тамаша жекпе-жек өткізді. Кім не десе де, UFC-де әлі шу шығарады», - деп сенеді файтер.

Қазақстан уақыты бойынша 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түні OCTAGON лигасының бұрыңғы чемпионы Алмахан (17-2) АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында UFC Fight Night турнирінде Умар Нурмагомедовпен (17-0) кездесіп, қарсыластан төрешілер шешімімен ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;