Хабиб Умар Нурмагомедовке жекпе-жегі алдында сәттілік тілеп жазба жариялады
![Хабиб Умар Нурмагомедовке жекпе-жегі алдында сәттілік тілеп жазба жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201736_6cb7a662a70ad5d53387fae23f72a030.webp?v=28686557)
Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов әлеуметтік желіде немере ағасы Умар Нурмагомедовке сәттілік тілеп, жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
2 наурыздан 3 наурызға қараған түні Умар UFC дебютанты қазақстандық Бекзат Алмаханмен жұдырықтасады.
«Бауырым, саған сәттілік, бәрін өзің білесің. Болашақ UFC чемпионы, иншаллах», - деп жазды Хабиб.
Умар UFC жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта аралас жекпе-жектен 16 жекпе-жек өткізіп, оның әрқайсысында жеңіске жеткен. 2023 жылдың қаңтарында UFC Fight Night 217 турниріндегі кейінгі жекпе-жегінде Нурмагомедов бірінші раундта бразилиялық Раони Барселосты нокаутқа түсірді.