Қазақстандық файтер Тәжікстанның «Гангстерімен» кездеседі
Алматыдағы OCTAGON 56 турнирі аясында ең жеңіл салмақ дәрежесінде қызықты жекпе-жек өтеді, деп жазады Prosports.kz
Тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодиллоев (6-2) пен мансабында бір-ақ рет жеңіліске ұшыраған қазақстандық Асқар Жақсылықов (4-1) октагонда кездеседі.
Ибодиллоев кейінгі үш жекпе-жегінде екі рет жеңілді, титулды кездесуде Дамир Төленовке, сондай-ақ әзербайжандық Рояль Лейлизадеден жеңілді. Ал Жақсылықов барлық жекпе-жегін ОКТАГОН лигасында өткізген, кейінгі үш жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек 10 наурызда Алматыдағы OCTAGON 56 турнирі аясында өтеді.
Кеш аясында қазақстандық Еркебұлан Тоқтар (6-3) өзбекстандық Одилхон Камоловпен (3-2) күш сынасады.
Кештің бас жекпе-жегінде ұйымның қазіргі чемпионы қазақстандық Керим Даидов (9-0) пен өзбекстандық «уақытша» белбеу иегері Ислом Болтаев (4-2) кездеседі.