Дзюдодан Австрияда өтетін Гран-при турниріне кімдер барады
![Дзюдодан Австрияда өтетін Гран-при турниріне кімдер барады](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201131_31748befd42fe8a14acd63872080f207.jpeg?v=28686386)
8-10 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турниріне баратын татами шеберлері анықталды.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған турнирде ел намысын жеті салмақта 14 балуан қорғайды.
Команда құрамы мынадай:
60 келі: Ержан Еренғайыпов, Қанат Сейілхан
66 келі: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахматқали
73 келі: Жансай Смағұлов, Ислам Тоқтасын
81 келі: Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла
90 келі: Аян Байғазы, Айдар Арапов
100 келі: Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай.
Осы орайда айта кетейік, 1-3 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді.