русский язык
Теннис

Данилина Остиндегі турнирдің жұптық сынында ширек финалға жолдама алды

Данилина Остиндегі турнирдің жұптық сынында ширек финалға жолдама алды

Жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина Остинде өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данилина қытайлық Чжан Шуаймен жұптасып, Ван Сиюй (Қытай) / Люсия Бронцетти (Италия) дуэтін 6:3, 6:0 есебімен жеңді.

Ертең ширек финалда Данилина мен Шуай Оливия Николлс (Ұлыбритания) / Оливия Гадеки (Аустралия) жұбымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;