русский язык
Басқа

Әлия Юсупова: Бәріміздің алдымызда ортақ міндет тұр

Әлия Юсупова: Бәріміздің алдымызда ортақ міндет тұр

Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова Ұлттық Олимпиадалық комитеттің жаңартылған құрамына енді. Көркем гимнастикадан ел намысын екі Олимпиадада қорғап, әлемдік аренада Қазақстанды спортшы ретінде танытқан ол қазақ спортына әрі қарай да қызмет ететінін айтты, деп жазады Olympic.kz.

«Жақында ғана Ұлттық Олимпиадалық комитеттің жаңа президентін сайладық. Даңқты боксшымыз Геннадий Головкин ҰОК тізгінін ұстады. Бәріміздің алдымызда ортақ міндет тұр. Бұл – қазақ спортын өркендету.

Шыны керек, спортта жұмыс аз емес. Өзім де спортшы болғандықтан, бұл саланың қызығы мен шыжығын бір адамдай білемін. Бәріміздің мақсатымыз – Қазақстанның туын көтеріп, абыройын асқақтатын талантты спортшыларға жол ашу. Сол үшін жұмыс істейміз», - деді Юсупова.

Сондай-ақ, Әлия Мақсұтқызы спортта жеңістің оңай келмейтінін де басып айтты.

«Мен өмір бойы үлкен спорттың басы-қасында жүрген жанмын. Бұрын спортшы болсам, қазір бапкермін. Федерация жұмысын да алып жүрмін. Спорттағы ішкі мәселелерді балаларын спортқа берген ата-аналар жақсы түсінеді. Олар қандай қиындықтар кездесетінін де біледі. Себебі, күн сайын балаларын жаттығуға әкеледі, жарысқа апарады.

Қазір біздің спортшыларымыз әлемдік деңгейдегі турнирлерден медаль алатын деңгейде. Тек, спортта бәрі біз ойлағандай оңай емес. Егер бәрі оңай болса, кез келген спортшы Олимпиада мен әлем чемпионатының медалін алар еді. Спортта үлкен әрі жүйелі дайындық керек. Қазір біз осы мақсатта еңбек етудеміз», - деді Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;