«Ақсу» Түркияда ресейлік клубтан жеңілді
![«Ақсу» Түркияда ресейлік клубтан жеңілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/203991_069f913b547f88d5eee2525feaf20988.jpg?v=28686379)
Қазақстандық «Ақсу» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жолдастық кездесуде ресейлік Түменнен жеңіліп қалды. Кездесу 3:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шабуылшы Илья Порохов Сібір құрамасы сапында хет-трик жасады.
Естеріңізге сала кетейік, Түмен 20 турда 35 ұпай жинап, Бірінші лига кестесінде төртінші орында тұр.