русский язык
Хоккей

«Барыс» ҚХЛ маусымындағы соңғы ойында «Сибирь» командасын жеңді

«Барыс» ҚХЛ маусымындағы соңғы ойында «Сибирь» командасын жеңді

«Барыс» хоккейшілері ҚХЛ тұрақты чемпионатының соңғы матчында «Сибирь» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дүйсенбі күні Астанада өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде жалғыз голды Аркадий Шестаков соқты.

Екі команда да Шығыс конференциясында плей-офф кезеңіне өте алмады. «Сибирь» чемпионатты 67 ұпаймен 10-орында аяқтаса, астаналықтар 50 ұпаймен кестені түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;