русский язык
Теннис

Қазақстандық Дмитрий Попко дүниежүзілік рейтингіде 16 сатыға жоғарылады

Қазақстандық Дмитрий Попко дүниежүзілік рейтингіде 16 сатыға жоғарылады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде қазақстандықтардың орны белгілі болды.

Сербиялық Новак Джокович бұрынғыша көш бастаса, испаниялық Карлос Алькарас екінші, италиялық Янник Синнер үшінші орында қалды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 21-ден 23-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 45-тен 47-ге, Михаил Кукушкин 163-тен 165-ке сырғыды. Денис Евсеев 179-да қалса, Бейбіт Жұқаев 192-ден 190-ға көтерілді.

Рейтингіде өз көрсеткішін күрт жақсартқан АҚШ-тағы қатарынан үш турнирде жеңімпаз атанған Дмитрий Попко болды. Ол 325-тен бірден 16 сатыға жоғарылап, 309-орынға орнықты. Ол ТОП-300-ге енуге жақын тұр.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов 51-ден 49-ға, Андрей Голубев 74-тен 70-ке шықты.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;