Попко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 325-орын) Неапольде (АҚШ) өтіп жатқан ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Попко жартылай финалда доминикандық Роберто Сид Субервиді (442-орын) үш сетте – 6:3, 4:6, 6:2 есебімен ұтты. Финалдағы қазақстандықтың қарсыласы эквадорлық теннисші Андрес Андраде (649-орын) болады.
Дмитрий Попко үшін бұл АҚШ-тағы турнирлердегі қатарынан үшінші финал болатындығын қосамыз: ол бұған дейін Sunrise және Palm Coast турнирлерінде титулды жеңіп алған.