Беллингемнің «Реал» сапына қашан оралуы керек екені белгілі болды
![Беллингемнің «Реал» сапына қашан оралуы керек екені белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/203991_46726fe2dc956a9ac209fe9012cbd31a.jpeg?v=28669577)
Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемнің жарақатынан кейін алаңға қашан оралуы керек екені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ла Лиганың 24-ші турында «Жиронамен» (4:0) өткен ойында 20 жастағы ағылшын футболшысы тобықтан жарақат алған еді.
«Реал Мадрид» баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенбі күні Беллингэм жеке бағдарлама бойынша жаттығады. Marca басылымының хабарлауынша, жартылай қорғаушы 2 наурыз күні «Валенсияға» қарсы ойында алаңға оралады деп күтілуде.
Испаниядағы алғашқы маусымында Беллингэм барлық жарыстарда Реал Мадридте 29 матчта 20 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.