русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Мексикада өтіп жатқан ATP турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан-эквадор жұбы жартылай финалда Гвидо Андреоцци (Аргентина)/Мигель Анхель Рейес-Варела (Мексика) жұбын екі сетте ұтты – 6:2, 6:3.

Бұл Недовесов үшін 2024 жылғы маусымдағы алғашқы финал.
Олардың финалдағы қарсыластары әлі анықталған жоқ.

Екінші жартылай финалда австралиялық Макс Пурсел/Джордан Томпсон жұбы мен америкалық-норвегиялық тандем Уильям Блумберг/Каспер Рууд кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;