русский язык
Велоспорт

«Астана» шабандозы «БАӘ турының» үшінші кезеңінде топ-15 қатарына енді

«Астана» шабандозы «БАӘ турының» үшінші кезеңінде топ-15 қатарына енді

«БАӘ туры» көпкүндік веложарысының үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде Decathlon AG2R La Mondiale Team шабандозы Бен О’Коннор жеңіске жетті. Екінші орынды UAE Team Emirates өкілі Джей Вайн алды. Ал үздік үштікті Lotto Dstny спортшысы Леннерт Ван Этвельт түйіндеді.

«Астананың» эквадорлық шабандозы Харольд Мартин Лопес 15-орын алды.

БАӘ туры. Үшінші кезең. Әл-Марджан аралы - Джебель тауы - Джайсу (176 км)

1. Бен О’Коннор (Decathlon AG2R La Mondiale Team) - 4:16:21
2. Джей Вайн (UAE Team Emirates) +0:05
3. Леннерт Ван Этвельт (Lotto Dstny) +,,
...15. Харольд Мартин Лопес («Астана») +,,

Жалпы есеп:

1. Джей Вайн (UAE Team Emirates) - 7:39:44
2. Бен О’Коннор (Decathlon AG2R La Mondiale Team) +0:11
3. Брэндон Макналти (UAE Team Emirates) +0:13
...17. Харольд Мартин Лопес («Астана») +1:03

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;