Рыбакина Дубайдағы турнирде қарсыласын үлкен қиындықпен жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Дубайда WTA 1000 сериясындағы турнирдің ширек финалына шығу үшін матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің төртінші ракеткасы бүгінде WTA рейтингінде 53-орында келе жатқан польшалық Магдалена Френхпен кездесті. Рыбакина бұл матчта қарсыласына бір сет беріп қойды, бірақ жеңіске жете алды. Матч 7-6 (7-5), 3-6, 6-4 есебімен аяқталды.
Еске салайық, Елена турнирді екінші айналымнан бастап, беларусьтік Виктория Азаренконы жеңді. Азаренко жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартқан болатын.