русский язык

100 млн теңге турнирі: «Елімай» - «Ақтөбе» және «Ордабасы» - «Тобыл» матчтарының тікелей трансляциясы

100 млн теңге турнирі: «Елімай» - «Ақтөбе» және «Ордабасы» - «Тобыл» матчтарының тікелей трансляциясы

Сәрсенбі, 21 ақпанда Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Қысқы кубогында үшінші орын және финал үшін матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші орын үшін матчта Елімай мен Ақтөбе кездеседі. Бұл матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 15:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады. Финалда «Ордабасы» мен «Тобыл» өнер көрсетеді. Тікелей эфир сағат 20:30-да басталып, оны да Qazsport телеарнасы ұйымдастырады.

Айта кетейік, турнирге ҚПЛ-дың қазіргі чемпионы «Ордабасы», жүлдегерлер «Ақтөбе», «Тобыл» және чемпионатқа жаңадан қосылған «Елімай» қатысуда. Турнир жеңімпазы 60 миллион теңге, ал екінші орын алған 40 миллион теңгеге ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;