русский язык

Педро Эуженио «Атырауға» ауысты

Педро Эуженио «Атырауға» ауысты

«Атырау» 33 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Педро Эужениомен келісім шартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалған.
Португалиялықтың кейінгі клубы «Аль-Адалх» болды.

Айта кетейік, Эуженио бұған дейін «Жетісу», «Тараз» және «Астана» командаларында өнер көрсеткен. 33 жастағы вингер елордалық клуб сапында 2022 жылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанды.

Ол Премьер-Лигада барлығы 64 матч өткізіп, 30 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ гол+пас жүйесі бойынша Қазақстан кубогында 9 ойында 6+1 ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;