Рыбакина Дубайдағы турнирдің үшінші айналымына өтті
![Рыбакина Дубайдағы турнирдің үшінші айналымына өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201736_5561f709641fa0feab2f66064e1aa592.jpg?v=28671666)
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу тең есеппен аяқталды – 4:6, 6:2. Үшінші сет басталмай тұрып Азаренка аяғының жарақатына байланысты кездесуден шығып қалды.
Осылайша, Дубайдағы жарыстың келесі кезеңінде Рыбакина WTA рейтингінде 53-орында тұрған польшалық теннисші Магдалена Френхпен кездеседі.
Айта кетейік, БАӘ-дегі турнир 24 ақпанда аяқталады.