Командалық

«Астана» жаңа бас бапкері белгілі болды

«Астана» жаңа бас бапкері белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубының бас бапкері қазметіне грекиялық Фотиос Такианос тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол 1969 жылы 14 сәуір күні Салоникада дүниеге келді. Ойыншы ретінде Грециялық клубтар сапында өнер көрсетті. 1994 жылы Паокпен бірге Корача кубогының иегері атанды.

Ол бапкерлік мансабын 2004 жылы бапкердің көмекшісі ретінде бастады. Ең алғаш рет 2007 жылы Грекияның «Панорамасын» тізгіндеді. Одан кейін Грецияда, Катарда, Кипрде және Косовода әртүрлі клубтардың тізгінін ұстады. 2021/22 жж маусымда «Лариса» командасында жұмыс істей отырып, Греция чемпионатының жартылай финалына дейін жетті және плей-офф кезеңінде Еуролига қатысушысы «Панатинаикосты» екі рет жеңіп, лигада жыл жаттықтырушысы атанды.

Маман соңғы рет 2023 жылдың ақпан айынан бастап ПАОК клубын жаттықтырды.

Фотиос Такианосты «Астанада» көргенімізге қуаныштымыз және командамызбен бірге көптеген жеңістерге жетуіне тілектестпіз!», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер