Жеңіл атлетика

Қазақстандық спортшы биіктікке секіруден Азия чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы биіктікке секіруден Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды.

Ұлттық құрама қоржыны тағы 3 медаль түсті. Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрді бағындырып, чемпион атанды. Былтырғы Астанадағы бәсекеде бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алса, Елизавета екінші орыннан көрінген.

Ал 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге екінші болып жетті. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған.

Сондай-ақ үш қарқып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлдеге ие болды.

Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Тегерандағы чемпионат 19 ақпанда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер