русский язык
ММА

Шавкат Рахмонов қандай жағдайда спорттан кететінін айтты

Шавкат Рахмонов қандай жағдайда спорттан кететінін айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов қандай жағдайда спортты тастап кететінін мәлімдеді.

"Жекпе-жекке жай төбелесіп, жеңілемін деген оймен шықпаймын. Бар күшімді көрсетемін. Мен жеңілемін немесе қарсыласым жеңіледі деген оймен шығамын. Сол үшін шығар жеңіске жетіп жатқаным. Егер осындай ойым болмаса мен шықпай-ақ қоямын.

Мотивациям жоғалса, мінез жағынан басқаша ойлайтын болсам, спортты тастап кетемін. Мен жекпе-жекке шығып, біреулерден таяқ жеп жүретін адам емеспін. Намысым жібермейді", – деді Шавкат Рахмонов боксшы Айдос Ербосынұлының Youtube арнасына берген сұхбатында.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;