русский язык
Хоккей

Хоккейден Қазақстан чемпионаты: плей-офф кезеңіне шыққан командалар анықталды

Хоккейден Қазақстан чемпионаты: плей-офф кезеңіне шыққан командалар анықталды

Хоккейден Қазақстан чемпионатының негізгі кезеңі аяқталып, ширек финалға жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биыл барлық команда 50 ойыннан өткізді.

Көкшетаудың «Арлан» командасы Қазақстан тұрақты чемпионатының жеңімпазы атанды. Олардың ширек финалдағы қарсыласы - атыраулық «Бейбарыс».

Екінші орын алған өзбекстандық «Хумо» 1/4 финалда қарағандылық «Сарыарқамен» кездессе, астаналық «Номад» Рудныйдың «Горнягымен», Өскеменнің «Торпедосы» «Ақтөбемен» ойнайды.

Ширек финалдың алғашқы ойындары 20 ақпанда басталады.

Еске салсақ, бұдан бұрын -2026 жылғы Қысқы Олимпиадада хоккейден Қазақстан құрамасының іріктеу сатысындағы қарсыластары анықталды.

Қазақстандық хоккейшілер D тобында Словакия, Австрия және Венгриямен 2026 жылы Италияда өтетін Қысқы Олимпиадаға берілетін жолдаманы сарапқа салады. Ойындар 2024 жылдың 29 тамыз және 1 қыркүйегі аралығында Словакия астанасы Братислава қаласында өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;