русский язык
ММА

Қазақстандық спортшы үшінші жекпе-жегінде қарсыласын тіземен нокаутқа түсірді. Видео

Қазақстандық спортшы үшінші жекпе-жегінде қарсыласын тіземен нокаутқа түсірді. Видео

OCTAGON 55 жекпе-жек кеші аясында турнирдің алтыншы кездесуі өтті, деп жазады Prosports.kz

Жартылай жеңіл салмақта қазақстандық Данияр Жанбосын (2-1) мен Қожахмет Иманғали (2-0) өнерлерімен жанкүйерлерді қуантты.

Кездесу басында Иманғали қарсыласын тіземен соққы жасап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде тәжікстандық Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (3-1) жеңіліп көрмеген қырғызстандық файтер, UFC-ге басты үміткер Марсель Нурланбекпен (11-0) кездеседі.

Кештің тағы бір басты кездесуінде аса жеңіл салмақта дивизион рейтингінде екінші орында тұрған Сухроббек Атажанов (5-1) қазақстандық Рысбек Байдуллаев (5-2) арасында жекпе-жек өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 55 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;