русский язык
Хоккей

«Барыс» ҚХЛ матчында ірі есеппен жеңіліп қалды

«Барыс» ҚХЛ матчында ірі есеппен жеңіліп қалды

Хабаровскідегі «Платинум-Арена» стадионында ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Амур» қазақстандық «Барыс» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде алаң иелері 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

«Амур» сапында Станислав Бочаров, Дмитрий Шевченко, Кирилл Слепец және Алекс Бродхерст голдың авторы атанды. «Барыс» құрамында жалғыз голды Евгений Рымарев соқты.

18 ақпанда командалар Хабаровскіде қайта кездеседі.

«Амур» (Хабаровск, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:1 (3:0, 1:0, 0:1)

Шайбалар:

1:0 — 00:09 Бочаров (Барулин, Коршков)

2:0 — 05:35 Шевченко (Коршков, Бочаров)

3:0 — 16:56 Слепец (Кулик, Бобков)

4:0 — 27:42 Бродхерст (Капустин, Дрозг)

4:1 — 48:42 Рымарев (Старченко)

Қақпашылар: Бобков — Паскуале 00:00-16:56, Шутов 16:56-60:00

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;