русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Роттердамдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Роттердамдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

26 жастағы қазақстандық теннисші Александр Бублик Роттердамда өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы италиялық Лоренцо Музеттимен жұптасып, ширек финалда Р.Хасе/Б.Ван де Зандсхюлп дуэтінен жеңіліп қалды - 4:6, 2:6.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 7 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Бублик бұған дейін жекелей сында канадалық теннисші Милош Раоничке жол берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;