русский язык

Вице-министр футболға бөлінетін ақшаның стадиондарға бағытталмайтыны туралы сынға жауап берді

Вице-министр футболға бөлінетін ақшаның стадиондарға бағытталмайтыны туралы сынға жауап берді

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Мәжіліс депутатының футболға бөлінетін ақшаның стадиондарға бағытталмайтыны туралы сыныа жауап берді.

«Легионерлер бойынша депуттармен бірге жұмыс жүріп жатыр. Қазір Мәжілісте спорт саласындағы заңнама түзетулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы жатыр. Сонда легионерлерге қатысты нақты нормалар бар. Қазір сол нормаларды талқылап жатырмыз. Заң жобасы мақұлданған кезде спорт саласындағы легионерлердің қызметін, қаржыландыру мәселесін реттейміз», - деді ол ведомствоның алқа мәжілісінен кейін.

Министр стадиондардың мәселесін әр облыс өз әлінше шешіп жатқанын айтты.

«Үлкен стадиондар туралы айтсақ, әр өңір алдына стандартқа сай стадиондар туралы мақсат қойған. Түркістанда стадион салынып бітті. Көшпенділер ойынынан кейін «Астана Аренада» қайта жарақтандыру жүреді. Біз әкімдікпен бірге осы стадионды қайта жарақтауға, UEFA қоятын стандарттардың бәріне сай болу үшін қаржы салдық», - деді Серік Жарасбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;