Жалғас Жұмағұлов Naiza FC турниріндегі екінші жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады
![Жалғас Жұмағұлов Naiza FC турниріндегі екінші жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201736_a458505ffc78862288a4efed47e0d7af.jpg?v=28686500)
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов 24 ақпанда өтетін Naiza FC 57 турнирінде америкалық Кливленд Маклинге қарсы жекпе-жектен бас тартпайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Legalbet.kz - ке сілтеме жасап.
9 ақпанда Жұмағұлов жекпе-жекке дайындық туралы сұраққа жауап берді.
«Ауырып қалдым. Тұмаумен ауырдым, ішек инфекциясы болды. Әлі де өз-өзіме келе алмай жатырмын».
«Барлығы жақсы. Жақсы болып қалдым. Бірақ әлі толық қалпыма келгем жоқ. Турнир өтетін күнге дейін қалпыма келуге уақытым бола ма? Уақыт көрсетеді. Бірақ жекпе-жектен бас тартпаймын, ИншаАллах», - деді Жұмағұлов.
Жұмағұлов (15-9) пен Маклин (17-11) арасындағы жекпе-жек 24 ақпанда Алматыдағы Naiza FC 57 турнирінде өтеді.