Атышулы тәжік файтері қырғыз спортшысын ғашықтар күнімен құттықтады. Видео
![Атышулы тәжік файтері қырғыз спортшысын ғашықтар күнімен құттықтады. Видео](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201736_584177644961662b35c21c260898a012.jpg?v=28686508)
Тәжікстандық ММА файтері Камиль Карате (3-1) мүмкіндікті жіберіп алмай қарсыласы, жеңіліп көрмеген қырғызстандық Марсель Нұрланбекті (11-0) құттықтауды шешті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл OCTAGON 55 турнирінің қарсаңында болды, қос файтер кештің негізгі жекпе-жегінде кездседі. Видеодан UFC-ге өткіге үмкіткер қырғыз спортшысы мұндай әзілге шамданып қалғанын көруге болады.
Айта кетейік, 16 ақпандағы турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (6-0) пен Сардор Худойбердиев (7-2) кездесуі керек болған, бірақ кешке бірнеше күн қалғанда өзбек спортшысы денсаулығына байланысты турнирден бас тартты.