UFC Бекзат Алмаханның жекпе-жегін ресми жариялады
![UFC Бекзат Алмаханның жекпе-жегін ресми жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201736_0de7d168413c75791d81ecb47c995952.jpg?v=28686622)
Америкалық UFC промоутерлік ұйымы қазақстандық Бекзат Алмаханның (17-1) ресейлік Умар Нурмагомедовке (16-0) қарсы жекпе-жегіндегі дебютін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Умар Нурмагомедов UFC Vegas 87 турнирінде қазақстандық дебютант Бекзат Алмаханмен кездеседі», - делінген промоушен хабарламасында.
Айта кетейік, Нурмагомедовтың аралас жекпе-жектегі кәсіби рекорды 16-0. Алмаханның еншісінде 14 жеңіс пен бір жеңіліс бар.