UFC қазақстандық файтер мен Нурмагомедов арасындағы жекпе-жекті ресми жариялады
![UFC қазақстандық файтер мен Нурмагомедов арасындағы жекпе-жекті ресми жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/203991_c80a031d27fca518c58bebfff2af98be.jpg?v=28666789)
Әлемдегі ең үздік промоушен UFC қазақстандық файтер Бекзат Алмахан мен ресейлік Умар Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Умар Нурмагомедов UFC Vegas 87 турнирінде қазақстандық дебютант Бекзат Алмаханмен кездеседі», - делінген промоушенде. Турнир 2 наурызда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.
Қазақстандық файтер кәсіпқой мансабындағы 18 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жетіп, бір жеңіліске ұшыраған.
Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Умардың 16-0 рекорды бар және соңғы төрт жекпе-жегін UFC-де өткізген. Соңғы жекпе-жекте ресейлік бразилиялық Раони Барселосты жеңді.