русский язык
ММА

Қазақстандық файтердің UFC-дегі қарсыласы Аргентина президентіне тіл тигізді

Қазақстандық файтердің UFC-дегі қарсыласы Аргентина президентіне тіл тигізді

Аралас жекпе-жектен UFC жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін ресейлік файтер Умар Нурмагомедов Аргентина президенті Хавьер Майлиге тіл тигізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2023 жылдың желтоқсанында Майли ресми түрде Аргентина президенті қызметіне кірісті және жақында оның орнына еврей храмы кешенін салу үшін Әл-Ақса мешітін бұзуды ұсынды.

«Ақымақ», - деп жазды Нурмагомедов әлеуметтік желіде.

Нурмагомедов келесі кезекте 3 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Vegas 87 турнирі аясында қазақстандық Бекзат Алмаханға қарсы октогонға шығады.

Нурмагомедов соңғы рет 2023 жылдың қаңтарында UFC Fight Night 217 турнирінде Раони Барселосқа қарсы жекпе-жек өткізген. Бұл жекпе-жекте Умар бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;