«Атырау» франциялық клубтың ойыншысын қатарына қосты

«Атырау» франциялық клубтың ойыншысын қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Атырау» қатарына гамбиялық футболшы Ламин Жаржоу қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ламин Жаржоу «Атырау» футбол клубының ойыншысы. Гамбиялық жартылай қорғаушы «Гренобль» футбол командасынан жалға алынды. Келесі маусымда Ламинге «мұнайшылар» сапында жаңа белестірді бағындыруды тілейміз», - делінген хабарламада.

Жаржоу оң қапталдағы вингер позициясында ойнайды. Былтыр қыркүйекте франциялық Лига 2-де ойнайтын «Гренобль» сапына ауысқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер