Қырғыз файтері OCTAGON 55 турнирінде жекпе-жекке шығады
![Қырғыз файтері OCTAGON 55 турнирінде жекпе-жекке шығады](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201131_0a7a9857dd080dbbe816721138294515.jpg?v=28667966)
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы OCTAGON 55 ивентінің басты кардының кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz
Аса жеңіл салмақта қырғыз файтері Руслан Касымалы уулу (6-0) тәжік спортшысы Амирхон Атохоновпен (6-2) кездеседі.
Айта кетейік, 16 ақпанда өтетін турнирде мега жекпе-жек жоспарланған. «Камиль карате» лақап атымен танымал тәжікстандық Камариддин Хасанов қырғызстандық Марсель Нурланбекпен кездеседі.
Кештің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Муртазали Магомедов өзбекстандық Сардор Худайбердиевпен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы жартылай жеңіл салмақтағы (65,8 келі) OCTAGON лигасының чемпионы атанады.